Елордада есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
ҚР Ішкі Істер министрлігінің мәліметінше, салмағы 11,5 келі есірткінің негізгі партиясы қылмыстық топ ұйымдастырушысының әйеліне тиесілі зоосалоннан табылған.
«Қылмыстық бизнесті ұйымдастырушы каннабис тобының есірткілерін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен партиялармен алып келіп отырған. Есірткіні сақтап, буып-түйіп, топ мүшелеріне табыстап отырған. Олар өз кезегінде гашишты сатуды жүзеге асырған. Өткізілген арнайы іс-шаралардың нәтижесінде шамамен 17 млн теңге сомасына 2,5 мың доза гашиш заңсыз айналымға жіберілген жоқ», – деді ІІМ-нің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық топ өкілдері есірткіні заңсыз сатқаны үшін он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар