00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Біз өмірдің гүліміз» атты балалар ақынының шығармашылығына арналған кеш өтті

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Біз өмірдің гүліміз» атты балалар ақынының шығармашылығына арналған кеш өтті
ашық дереккөз

Кеш барысында Ә.Дүйсенбиевтің шығармашылық мұрасын, жас ұрпаққа қалдырған еңбектерін насихаттау мақсатында Балалар әдебиеті жылы аясында жарыққа шыққан «Көктем» және «Біз өмірдің гүліміз» атты кітаптары көрсетілді. Сондай-ақ өлеңдері мен ертегілері, көңілді әндері жас оқырмандарға таныстырылды. 

Дүйсенбиевтің шығармаларындағы сәбиге тіл үйрететін тілашарлар, есепке жаттықтыратын санамақтар, азаматтыққа тәрбиелейтін табиғат, Отан, ата-ана, адамгершілік туралы «Не деу керек», «Ақ тайлақ», «Доп», «Не жақсы», «Біз өмірдің гүліміз», «Бұл қандай бала?», «Бес саусақ» тағы да басқа тамаша өлеңдері оқылды. 

Шығармашылық кештің қонақтары ақынның қызы Сәуле Дүйсенбиева, балалар жазушысы Жәди Шәкенұлы, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Бекен Қайрат жазушының өмірбаянынан қызықты деректер айта отырып, әдеби мұраларынан сөз қозғап, оқырмандарға тың мағлұматтар берді. 

Осындай әсерлі кешке куә болған оқырман қауым да кештен өте жақсы әсер алып, білімдеріне білім, ойларына ой қосып риза болып қайтты. Сонымен қоса белсенділік танытқан оқырмандар марапатқа ие болды.