Елордада жүк көлігімен 16,5 мың рейс қар шығарылды
Бір тәулік ішінде қаладан қар полигондарына 35 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Бұл тәулігіне 2,5 мыңнан астам КАМАЗ рейсі. Қар полигондарына барлығы 16,5 мыңнан астам рейс жасалды.
Қалада барлығы 4 қар полигоны, резервте тағы 6 қар полигоны бар. Қар полигондарында тәулік бойы бейнебақылау мен бақылаудың заманауи жүйесі орнатылған. Жүйе кіру және шығу кезінде арнайы техниканың мемлекеттік нөмірін, келу уақыты мен күнін тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл жүктің көлемі мен мазмұнын есепке алуға мүмкіндік береді.
Осылайша, полигон жұмысын тиісті бақылау ауданды санитарлық тазалаумен байланысты мердігер ұйымдарды тәртіпке келтіруге және рейстерді тіркеу кезінде адам факторын болдырмауға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, қыс мезгілі басталғаннан бері қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп келеді. Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік объектілерге кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады.