«Абайдан қалған асыл сөз...» атты әдеби-танымдық кеш өтті
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты ұлы данышпан Абайдың шығармашылық мұрасымен сусындата отырып, сөз қадірін білетін талапты ұрпақ тәрбиелеу, олардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату.
Әдеби-танымдық кеште Абай Құнанбайұлының қара сөздері оқылып, «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас», «Қараңғы түнде тау қалқып», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Бойы бұлғаң ...», «Көзімнің қарасы» және тағы да басқа шығармалары орындалып, ұлылық пен адамгершіліктің, имандылықтың тылсым сырларына терең бойлады.
Ұқсас жаңалықтар