00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада жаңа дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жаңа дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылады
ашық дереккөз

Жаңа спорт нысаны Өндіріс және С 638 көшелерінің қиылысында бой көтерді. Ол жергілікті тұрғындардың бұқаралық спортпен шұғылдануына ыңғайлы болмақ. Толықтай жабдықталған нысанда футзал, волейбол және баскетбол алаңдары бар. Сол сияқты дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде арнайы балалар мен жасөспірімдер үшін каратэ-до, самбо, кикбоксинг, муай-тай, киокушинкай кан каратэ, грэпплинг, пауэрлифтинг, қол күресі, таэквондо, панкратион, қазақ күресі, джиу-джитсу сынды спорттың 12 түрінен үйірмелер ұйымдастырылады. Оған 350 бала тартылмақ.

Жаңа спорт нысанында жаттығатын балалар болашақта республикалық және халықаралық жарыстарға қатыса алады. Ал үздік жас спортшылар Нұр-Сұлтан қаласының құрамасына, сол сияқты ұлттық құрамаларға іріктеледі.

Айта кетейік, жаңа кешеннің ішінде күреске арналған 215 шаршы метр зал, 93,2 шаршы метр аумақта жаттығу залы, 595 шаршы метр аумақта әмбебап зал жасақталған. Бұдан бөлек, ғимарат ішінде қарттарға арналған клуб пен оқырман залы бар кітапхана болады.

Айта кетейік, Байқоңыр ауданының әкімдігі аталмыш елді мекен тұрғындарына жайлы жағдай жасап, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымның дамуына баса мән береді.