Сауда орталығында 29 жастағы келіншек көз жұмды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
22 қараша күні кешкі уақытта жедел жәрдем қызметіне Mega Silk Way сауда және ойын-сауық орталығында әйелдің есінен танып қалғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына бірден жедел жәрдемнің мамандары аттанды. Бірақ ол дәрігерлер келгенше қайтыс болды.
«Куәгерлердің айтуынша, 1992 жылы туған әйел кенет есінен танып қалған, содан кейін талмасы басталған. Оқиғаның куәгерлері сауда орталығының фельдшерлік пункт қызметкерлерін шақырған, олар реанимация жүргізді, бірақ нәтиже болмады», – делінген Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Қазіргі уақытта мәйіт полицияға тапсырылған.
Ұқсас жаңалықтар