00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда цифрлық эфирлік телеарнаға толығымен қашан көшеді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда цифрлық эфирлік телеарнаға толығымен қашан көшеді
ашық дереккөз

Елордада осы жылдың күз айының соңына дейін аналогты теледидарды толығымен өшіріп, цифрлыққа көшіру жоспарлануда. Бұл жұмыс цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу жөніндегі жобаны іске асырудың төртінші кезеңі шеңберінде жүргізілуде.

Бүгінде еліміздің Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы және Шымкент қалалары сияқты өңірлерінде ескірген телехабарлар толығымен өшірілді.

Жобаны іске асырудың төртінші кезеңі аясында 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін Нұр-Сұлтанда аналогтық теледидарды толығымен өшіру жоспарлануда. Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі бойынша елорда тұрғындары мен қонақтарына цифрлық сапада 25 телеарна қолжетімді, оның ішінде: "Qazaqstan", "Хабар HD", "Хабар 24", "BALAPAN", "Ел арна", "Kazakh TV", "ABAI TV", "Еуразия бірінші арнасы", "Астана", "Qazsport HD", "МИР", "КТК", "НТК", "Жетінші арна", "31 арна", "СТВ", "Almaty", "Talim TV", "Atameken Business", "Тұран ТВ", "Hit TV", "Gakku Media", "MuzLife", "Той думан" және "Новое телевидение".

Сандық ТВ-ға көшу арналар санының көбеюіне жол ашады. Сонымен қатар, ЦЭТВ сурет пен дыбыстың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Мұнда "аналогтан" айырмашылығы кескін үзілмейді, дыбыс жоғалмайды. Бұл спутниктік немесе кабельдік теледидармен бірдей, бірақ сандық эфирлік хабар тарату мүлдем тегін екендігімен ерекшеленеді.

Оған қосылу үшін теледидар DVB-T2 сандық тарату стандартын қолдайтынына көз жеткізу керек, абонент тек дециметрлік антеннаны қосуы керек. Егер теледидарлар DVB-T2 стандартын қолдамаса, онда сандық сигнал қабылдағышын сатып алу керек.