00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

“Керуен” СОО-да жас жігітті соққыға жыққан күдікті ұсталды (ВИДЕО)

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
“Керуен” СОО-да жас жігітті соққыға жыққан күдікті ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөз

9 қарашада сағат 21.30 шамасында “102” арнасына Достық көшесі бойындағы “Керуен” сауда ойын-сауық орталығында белгісіз біреулер төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Полиция қызметкерлері 17 жастағы екі қызға жігіттердің келіп, танысқысы келгенін, оған кәмелетке толмағандардың бірі жақын жерде 19 жастағы ағасын шақырғанын анықтады. Келген бойда жастар арасында жанжал туып, төбелеске ұласқан.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында күдікті ұсталды. Ол 31 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша “Бұзақылық” бабымен  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.