00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Есілдің сол жағалауындағы тұрғындарды шұрық-тесік жол шаршатқан

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Есілдің сол жағалауындағы тұрғындарды шұрық-тесік жол шаршатқан
ашық дереккөз

Атап айтқанда, «Манхеттен 1» және «Манхеттен 5» тұрғын үй кешендерінің арасында атауы жоқ көше бар. Соның шұрық-тесік жолы кешен атауына антоним болып тұр. Осыдан 2 жыл бұрын төсеген асфальт жабындысы әбден бүлінген. Учаскені пайдаланатын 6 кешеннің тұрғындары жаңбыр жауғанда әр ойық лайға толатынын айтып отыр.

«Мен бірден түсіндіріп өтейін, компания жол жөндеумен айналыспайды. Басында кіріп-шығуға қолайлы болсын деп өзіміз үшін жасадық. Бұл мәселені барлық тараптың қатысуымен жан-жақты қарау қажет. Қызыл сызық шеңберінде біз жол жөндеуге міндеттіміз. Қызыл сызықтан тыс тұрған жер – қаланың аумағы. Менің ол жерге жол салуыма еш хақым жоқ», - дейді құрылыс компаниясының бас директоры Ғабит Сатмағамбетов.

Ал Есіл аудандық инфрақұрылым бөлімінің бас маманы Руслан Сардаровтың айтуынша, тұрғын үй кешендеріне апаратын шағын жолды құрылыс компаниясы салған соң, соңғысы асфальт жабындысын қаланың коммуналдық меншігіне өтеусіз негізде тапсыруы керек еді. Енді міне, суағарға ағуы керек лай су асфальт ойықтарына жиналып жатыр.