00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада ЖЭО-3 құрылысы қайта басталды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада ЖЭО-3 құрылысы қайта басталды
ашық дереккөз

“Елордада жыл сайын 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынады. Қалада жылу беру маусымы шамамен 7 айға созылатындығын ескере отырып және болашақта жылу энергиясы тапшылығы туындамас үшін ЖЭО-3 құрылысы қайта басталды. Қаланы аралау барысында ЖЭО-3 құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын тексердім.

ЖЭО-3 6,5 млн шаршы метр тұрғын үйді жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, екі газ қазандығының құрылысына кірісеміз. Олардың қуаты ЖЭО-3 қуаттылығынан екі есе асып түседі, бұл тапшылық болжанып отырған учаскелерді және болашақ құрылыс учаскелерін жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Маңызды стратегиялық нысанды іске қосу 2022-2023 жылғы жылыту маусымына жоспарланған.

Сонымен қатар, қолданыстағы жылу электр орталықтарын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді: ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де барлық су жылыту қазандықтары газға ауыстырылды. Сондай-ақ, қалада газдандыру жұмыстары жалғасуда. Бұл шаралардың барлығы қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын жеңілдетіп қана қоймай, қала экологиясына да оң әсер етеді.

Жаңа үйлер мен болашақ құрылыс аудандарын сумен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету үшін ССС-3 (сорғы-сүзгі станциясы) құрылысын, КТҚ-2 (кәріз тазарту қондырғылары) жобалауды жүргізіп жатырмыз”, – деп жазды А.Көлгінов.

Бұл мәселелер тікелей Мемлекет басшысының бақылауында.