00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Қазақстан» спорт кешеніне ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Қазақстан» спорт кешеніне ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде
ашық дереккөз

«Көпфункционалды кешен 20 жыл бұрын салынды. Қазір апатты деп танылып, апаттық құрылымдарды бөлшектеу жүргізілуде. Спорт кешенін жаңа қажеттіліктер мен талаптарды ескере отырып толығымен қалпына келтіреміз. Қаланы аралау барысында апатты құрылымдарды бөлшектеу барысын тексердім, бөлшектеу жұмыстарынан соң құрылыс жұмыстарына кірісеміз», – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Әкімнің айтуынша, хоккей және жаттығу залдары да заманға сай жаңаратын болады.


«Көрермен орындарының санын ұлғайтып, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар тұрғындарды ескере отырып, хоккей алаңын жаңғыртамыз. Хоккей алаңынан басқа жүзу бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізу үшін, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізу үшін су добын, сауықтыру жүзуін, балаларды жүзуге үйрету үшін бассейндерді және т.б. жаңғыртамыз. Сондай-ақ жаттығу залдарын, төрешілік және техникалық үй-жайларды жаңартамыз. Ішкі үй-жайларды жаңартудан басқа, өзгерістер қасбетке де әсер етеді, ол жаңартылады. Осылайша, спорт кешені спортпен айналысу, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізу үшін неғұрлым қауіпсіз әрі ыңғайлы болады», – деді ол.