Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкесі жалғасатын болды
6-7 және 13-14 қарашада "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстары тауар өндірушілерінің және Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді.
Қала тұрғындары мен қонақтары дәстүрлі түрде нарықтық бағадан 10-15% төмен тауарларды сатып ала алады.
Сөрелерде өнімдердің кең ассортименті ұсынылады, соның ішінде: сиыр еті, жылқы еті мен қой еті, құс еті, сүт және қышқыл сүт өнімдері, көкөністер (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат), жемістер, тауық жұмыртқасы, балық, жарма, ұн және т. б.
Екі жәрмеңкеге 200-ден астам тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер қатысады.
Айта кету керек, елордада жәрмеңкелерді өткізу әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру құралдарының бірі болып табылады. 21 тамыздан бастап Нұр-Сұлтандағы 14 жәрмеңкеге Қазақстанның барлық өңірінен 860-тан астам тауар өндіруші қатысты. Олар барлығы 4,8 мың тоннадан астам азық-түлік сатты.
"Биыл қала басшылығының шешімімен әр жәрмеңкеге тауар өндірушілер мен Нұр-Сұлтан базарларының көтерме сатушылары қатысады. Әр жәрмеңкеге елорданың 100-120 өндірушісі қатысады", – деді Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов.
Оның айтуынша, ауа райы жағдайы жәрмеңкеге қатысуға әсер етпейді, қала тұрғындары азық-түлікті артығымен сатып алуда. Атап өткендей, өңірлердің жәрмеңкелеріне елорда халқының үштен бірі қатысады.
"Жәрмеңкелер – бұл ең алдымен арзан әрі сапалы өнімдер, елорда тұрғындарына қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігі. Жәрмеңкелер кезінде жақын дүкендердегі келушілер трафигі төмендейді, мұны талдау нәтижесі көрсетті. Жәрмеңкелер – қаладағы бағаны ұстап тұруға ықпал ететін құралдардың бірі", - деп атап өтті елорда әкімдігінің өкілі.