00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда мыңыншы абонент газға қосылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда мыңыншы абонент газға қосылды
ашық дереккөз

Астанада жер үй тұрғындары газға қосуға өтінімдер жіберуде. Мәселен, Нұр-Сұлтанда мыңыншы абонент тіркелді. Қазір «Көктал-1», «Көктал-2», «Теміржолшылар», «Агроқалашық» (бір бөлігі), «Промышленный» және «Оңтүстік-Шығыс» елді мекендерінің тұрғындары газға қосылу мүмкіндігіне ие болды.

Осы аудандарда тұратын тұрғындар үйін газға қосуға өтінім беру үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға (Республика даңғылы, 24) жүгінуі қажет. Толық ақпаратты +7(7172)55-89-75, ішкі телефондары: 1530, 1527, 1534 бойынша алуға болады.

Қараша айында «Оңтүстік-Шығыс» және «Агроқалашық» елді мекендерінің қалған бөліктері газбен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде. Оларды іске қосу осы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр. Осылайша, тағы 5 мың жеке үй көгілдір отынға қол жеткізе алады.

Естеріңізге сала кетейік, газдандыру – Елбасының ауқымды жобасы, ол қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, елорда экологиясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Қаланы газдандыру мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бақылауында.