Нұр-Сұлтанда карантин талаптары жеңілдеді
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Қаулы бойынша елордада Ashyq жүйесінің жұмысын жетілдіре түсу талап етілген. Яғни «сары» аймақ критериіне сәйкес, кәсіпкерлік нысандарда Ashyq жобасының қызметі қайта жандандырылады. Сондай-ақ Ashyq жобасына қатыспайтын нысандарға «сары» аймақ критериі негізінде жұмыс істеуге рұқсат берілді.
Ендігі уақытта елорданың барлық нысандары ҚР Мемлекеттік бас санитар дәрігері бекіткен қаулы ережесін қатаң сақтай отырып, жұмысын жалғастырады.
Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа 26 қазан күні өткен болатын.
Ұқсас жаңалықтар