"Қазақстан" спорт сарайы толығымен қайта жаңғыртылады
Жаңғырту жобасы аясында мобильді жабынның көмегімен сахнаға трансформациялау мүмкіндігі бар хоккей алаңы қарастырылған. Алаңның айналасында 6 000 көрерменге арналған трибуналар жобаланған. Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының есебінен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған мінбелердегі орындар саны ұлғаюда.
Хоккей алаңынан басқа, жүзу бойынша оқу-жаттығу сабақтарын, оның ішінде балаларға арналған, аквааэробика, су добын өткізу үшін республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды, сауықтыру жүзуін өткізу үшін бассейндер жаңғыртылады. Бұл ретте трибуна 1 260 адамға есептелген.
50*25 м бассейннің өткізу қабілеті – 120 адам; көлемі 12,5*6 м бассейнде – 10 адам.
Сонымен қатар, бірінші және екінші қабаттардағы жаттығу залдарында, төрешілерге арналған және техникалық бөлмелерде түбегейлі өзгерістер қарастырылған. Екінші қабатта көрермендерге арналған гардеробтар мен тамақтану орындары бар залдар жоспарланған.
"Елордада спорттың дамуына үлкен көңіл бөлінуде. Нұр-Сұлтан қаласының әрбір ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынуда – олардың 4-еуі бізде. Сондай-ақ Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадион орнында жаңа спорт кешенінің құрылысы жоспарлануда. Жақында заманауи теннис орталығы да салынады", – деді Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.
Құрылыс жұмыстарының басталуы 2022 жылдың басына, ал аяқталуы 2024 жылға жоспарланған.