00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық кітапханашылар мәдени іс-шара ұйымдастырды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық кітапханашылар мәдени іс-шара ұйымдастырды
ашық дереккөз

Кездесуде №8, 16, 87 мектептердің оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. 

«Қолыма қалам алдым сөз жазуға» атты іс-шараны Сүндет Смаханұлы жүргізді.

Алғашқы болып сөз алған мекеме директоры Гүлбадан Сақтапқызы оқырмандарға кітапханашы ісін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Қалалық кітапхана болғандықтан оқырмандармен тығыз жұмыс істеу, іздеген кітаптарын тауып беру, мәдени байланыстар орнату туралы жұмыс барысын баяндады.

Қоғам қайраткері, әдебиет жанашыры Кәрібай Мұсырман сөз алып, қатысушыларды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, кітапханашылар мен оқырмандарға алдағы істеріне сәттілік тіледі.

Жас кітапханашы Жәлел Гүлжан «Тәуелсіздік» атты толғауын оқыды.

Мектеп оқушылары Абай Құнанбаевтың, Жамбыл Жабаевтың, Төлеген Айбергеновтың шығармаларынан үзінділер оқыды. Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйін нақышына келтіре орындаса, «Қазақстаным алға», «Қазақ елі», «Елбасы Елбағы» атты эстрадалық әндер мектеп оқушыларының орындауында шырқалды.