Елорда тұрғыны полицейлерді қарумен қорқытты
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Оқиға бүгін сағат 06.15-те болған.
"102" нөміріне әкесі анасын ұрғаны туралы жас баладан хабарлама келіп түскен.
“Оқиға орнында, яғни Ш.Айтматов көшесіндегі үйдің ауласында 45 жастағы әйел болған, ол күйеуі жанжал кезінде оны ұрып-соғып, қуып жібергенін жеткізген. Полиция қызметкерлері аталған пәтердің есігін қағып сөзге тартпақ болған, алайда жауап ретінде жанжалқой егер біреу есікке жақындаса, оқ ататынын айтқан. Осы кезде пәтерде үш кәмелетке толмаған балалары болған”, – делінген хабарламада.
Кейін тәртіп сақшылары қаруы бар 39 жастағы тәртіп бұзушыны қолға түсірді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұқсас жаңалықтар