00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Волонтерлар халық санағына үлес қосты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Волонтерлар халық санағына үлес қосты
ашық дереккөз

Бесленді жастар осылайша жалпыұлттық санақ науқанына өз үлестерін қоспақ.

«Біздің волонтер болудағы мақсатымыз қоғамға үлес қосу. Түрлі ізгі бастамаларға, қайырымдылық шараларға жиі қатысамыз. Әрбір адамның белсенді өмірлік ұстанымы оның айналасына игілік әкеледі. Барша қала тұрғындарын санақ науқанына белсенді қатысуға шақырамыз», - дейді студент жастар.

Шара санақ науқаны аяқталғанша жалғасады әрі қаланың барлық аудандарын қамтиды. «Астана жастары» мекемесінің маманы Дамир Айтымов жалпы көлемі шамамен 300 мың пәтерге ақпараттық үнпарақ таратылатынын айтты.

Жастардың игі бастамасына ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қалалық басқармасы қолдау танытқан. Қазіргі таңда елордада 1332 маман санақ жүргізуде.

Айта кетелік, 16 қазаннан бастап электронды санақтан өту тоқтатылды. Үй-үйді аралап дәстүрлі әдіспен санақ жүргізу қазанның отызына дейін жалғасады.