Зумба, фитнес, каратэ: елорданың қай жерлерінде оларды тегін үйренуге болады
«Қолжетімді спорт» атты жаңа жоба аясында бұл іс-шаралар елордадағы 6 саябақ пен 2 скверде, апта сайын сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.
“Алтын ала жазылудың қажеті жоқ. Тегін спорт жаттығуларына кез келген тұрғын қатыса алады. Әр спорт түрінің өз инструкторлары бар, Жоба биылғы желтоқсан айының соңына дейін жалғасады”, – дейді жобаны ұйымдастырушылардың бірі, Нұр-Сұлтан қаласы спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева.
Сонымен тегін сабақтар мына мекенжайлар бойынша өтеді:
- Астаналық парк. Жауапты адам: Еділ, тел: +7 775 947 22 79
- “Жерұйық” паркі. Жауапты адам: Жұмат, тел: +7 707 423 86 93
- Ботаникалық парк. Жауапты адам: Айым, тел: +7 708 312 55 02
- Жетісу паркі. Жауапты адам: Бекзат, тел: +7 775 514 22 06
- Триатлон паркі. Жауапты адам: Ризабек, тел: +7 707 977 99 70
- Көктал паркі. Жауапты адам: Ерлан, тел: +7 701 909 66 77
- Оқушылар сарайы (Арбат). Жауапты адам: Ержан, тел: +7 775 610 09 14
- ЕҰУ жанындағы көпір асты. Жауапты адам: Дарын, тел: + 747 054 59 00
Естеріңізге сала кетейік, жобаның салтанатты ашылуы өткен демалыс күндері Астаналық саябақта «World Class Green» фитнес-орталығының фитнес-нұсқаушылары мен «Azimuth» спорт клубы спортшыларының көрсетілімдері өтті. Сонымен қатар, саябаққа келген демалушылар арасында асық ату ойыны бойынша жаттығулар өткізілді.
Жоба туралы толық ақпарат алу үшін Instagram әлеуметтік желісіндегі @Dostupnyi_sportkz парақшасына кіруге болады.