«Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттеріне – 31 жыл
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Елорда шежіресін елге елеулі еткен қос үнжария бүгінде өз орнын айшықтай түсіп, уақыт ағымына сай жаңаша түрленіп, оқырман қолына дәстүрлі түрде аптасына үш рет тиіп отыр.
Дерекке сүйенсек, 2020 жылы «Астана ақшамы» газетіне 5115 (орташа есеппен әр нөмірге 33 материалдан), «Вечерняя Астана» газетіне 4609 мақала жарияланған. Ал биылғы жыл басынан бері қазақ редакциясы 3017 мақала жазса, орыс редакциясы 2996-сын жарыққа шығарып отыр.
Әріптестерімізге осынау ерен еңбектерінің ақталып, танымдық дүниелерінің елордалықтар мен қала қонақтарының көкейінде жатталып жүргенін тілейміз.
Ұқсас жаңалықтар