МИБ: Тұрғындар көппәтерлі үйді қалай басқара алады?
Бұл үшін МИБ жауапты төрағасын тағайындап, үй кеңесі құрамына бухгалтерия мен инженерия, заң мәселелерінен хабары бар адамдарды бекітіп, мүлік иелерінің жиналысын өткізу қажет.
Меншік иелері таңдаған жауапты тұлғалар атқарылатын жұмыс тізімін анықтап, шығындардың тиімді пайдаланылуын қадағалайды және өткізілетін бүкіл шараларды барлық меншік иелерімен келістіреді.
Мемлекеттік қаражат есебінен күрделі жөндеу әдетте Кеңес дәуірінде салынған үйлерде жүргізіледі. Мұндай үйлерде азаматтардың әлеуметтік осал санатының меншік иелері кездесетінін атап өткен жөн.
Елордада күрделі жөндеу жүргізу қажет болған жағдайда азаматтардың белгілі бір санаттары үшін «тұрғын үй көмегі» қызметін көрсету бойынша өтінімдер қаралады.
Ортақ мүлікті күтіп-ұстауға, оның ішінде жүргізілген күрделі жөндеуге арналған шығыстарды төлеу ішінара мемлекет есебінен жабылуы мүмкін.
Күрделі жөндеуге жұмсалған қаражаттың қайтарымдылығы жасалған шарттарға сәйкес 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімде (күрделі жөндеу жұмыстарының түрлеріне байланысты) пайызсыз негізде жүзеге асырылады.
Толық ақпарат алу үшін Республика даңғылы, 32 мекенжайына хабарласуға болады.