00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада әлемдік діндер лидерлерінің отырысы басталды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада әлемдік діндер лидерлерінің отырысы басталды
ашық дереккөз

Жиында Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев төрағалық  етеді.

Отырыс аясында VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қорытындылары бойынша пікір алмасу, сондай-ақ 2022 жылы өтетін VII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің күн тәртібін талқылау, нақты күнін анықтау жоспарланып отыр.

ХІХ съез хатшылығының аясында, 2021 жылдың 5 қазанында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының басқарма төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін насихаттау жөніндегі уәкілі Болат Сәрсенбаев басшылығымен съезд хатшылығы жұмыс тобының отырысы өткен еді.

ХІХ съез хатшылығының жұмысына ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм сынды әлемдік және дәстүрлі діндерінің жетекшілері – САК, Әзірбайжан, Иран, Түркия, Пәкістан, БАӘ, Египет, Израиль, Ватикан, Ұлыбритания, Моңғолия, Қытай, Жапония, Тайланд, Үндістан, АҚШ және т.б. – халықаралық және діни ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр.