00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада нөсер кәрізіне тұрмыстық қалдықтар төккен 137 адам жазаланды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада нөсер кәрізіне тұрмыстық қалдықтар төккен 137 адам жазаланды
ашық дереккөз

Қазір аталған бұзушылықтар бойынша 137 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 22 адамға 1 793 955 теңгеге айыппұл және 115 адамға ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Ал жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін табиғат қорғау полициясына жіберіліп отыр.

Нөсер кәріздері желісіндегі рұқсат етілмеген қосулар тұрмыстық қалдықтар кәрізі желісі салынбаған жеке секторлардың көбінде анықталды. Олар экологияға үлкен зиян келтіреді. Себебі нөсерлі кәріз желілеріне қалдық сулардың төгілуі желіге қосымша жүктеме түсіреді. Соның салдарынан нөсерлі ауа райы жағдайында мегаполис көшелерін су басып кетеді.

Еске сала кетсек, 1-24 қыркүйек аралығында «Elorda Eco System» МКК жұмысшылары қаланың барлық ауданынан 66 764 текше метр су және 11 628 тонна тұнып қалған лай шығарған. Сондай-ақ 35 798 метр құбыр, 45 196 метр арық, 2 741 жаңбыр қабылдайтын тор тазартылып, 335 люк пен жаңбыр қабылдағыш орнатылды.