«1000 орын. Көше саудасы»: Елордада 875 жер учаскесі қосалқы жалға берілді
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде елорданың шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасын әзірлеу туралы «1000 орын. Көше саудасы» «Astana» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дильмурат Иминов брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласында көше саудасы үшін стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру бағдарламасы 2016 жылы қабылданды.
Бағдарламаның негізгі тиімділігі – шағын кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, заңсыз стихиялық сауданы жою, стационарлық емес сауда объектілерін елорданың дизайн-кодының талаптарына сәйкестендіру.
Бағдарламаны жүзеге асыру 2017 жылдың наурыз айында басталды.
«Astana» ӘКК» АҚ оператор болып анықталды. Бүкіл кезеңде 875 жер учаскесі қосалқы жалға берілді. 2017 жылы - 438, 2018 жылы - 178, 2019 жылы - 116, 2020 жылы - 67, 2021 жылы - 32, 2023 жылы - 44 учаске.
Бүгінгі күні жалпы ауданы 3 800 шаршы метрден асатын 250-ден астам жер учаскесіне қосалқы жалдау шарттары жасалды.
Шынында да, бұл мерзімдер ұзақ және кәсіпкерлік субъектілері тарапынан әлеуметтік шиеленіс тудыруы орынды. Алайда, қолданыстағы заңнамалық базаға сәйкес, жоғарыда аталған процедуралардан өтпей, жер телімдерін қосалқы жалға беру заңды емес. Сондай-ақ, 2023 жылғы 1 шілдеде ҚР Жер кодексіне жер учаскелеріне құқық берудің жаңа электрондық тәртібін реттейтін өзгерістер күшіне енгенін атап өткім келеді, - дейді «Astana» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Д.Иминов.
Осылайша, жаңа тәртіпке сәйкес жер телімдерін берудің рәсімдері жеңілдетілді. Оның ішінде құжаттарды цифрлық форматқа аудару арқылы қарау және бекіту мерзімі қысқартылды, жер комиссиясының институты алынып тасталды, өтініштер әкімдіктерге бармай-ақ онлайн форматта қабылданады және өңделеді, яғни өтінімді «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастры» веб-порталы (БМЖК) арқылы беруге болады.
БМЖК веб-порталын іске қосқан кезде мерзімдерді 1 айға дейін қысқарту жоспарлануда.
Бүгінде қала келбетін елорданың дизайн-кодына сәйкестендіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Біз де осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, стационарлық емес сауда павильондарының эскиздік нұсқаларын әзірлеудеміз. Ең алдымен сыртқы келбеті нашар сауда павильондарымен және жұмыс істемейтін нысандармен жұмыс жүргізілетін болады, - деді ол.
Сонымен қатар, қалада бағдарлама аясынан тыс жұмыс істеп тұрған павильондар бар (стихиялық сауда). Осындай павильондармен жұмыс істеу үшін қала әкімінің тапсырмасы бойынша осы жылдың мамыр айында жер учаскелерін өз бетінше басып алу және оларда заңсыз сауданы ұйымдастыру фактілерін анықтау үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.
Айта кетейік, ведомствоаралық комиссия жұмысы басталғалы мониторинг аясында 110 заңсыз орнатылған нысан анықталды.