00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда өткен жылы 43 мың тұрғын газға қосылды

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда өткен жылы 43 мың тұрғын газға қосылды
ашық дереккөз

«Газдандыру – Елбасының ауқымды жобасы. Бұл жоба экологияны едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Өйткені жеке сектор тұрғындары үйін көмірмен жылытпайды, нәтижесінде қауіпсіздік артады, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайы жақсарады және т.б. Мысалы, осы жылдың маусым айында Көктал-1 тұрғын алабы газға қосылды, осылайша тағы 2600 үй көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Біз сыртқы желілерді жүргізгеннен кейін тұрғындар оны үйдің ішіне өткізуі керек. Сонымен қатар біз Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарына, Агроқалашық (2020 жылы қосылмаған бөлік), Промышленный аудандарына газ тарату желілерін салуды жалғастырамыз. Сондай-ақ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде. Биыл тағы 317 шақырым газ тарату желісін саламыз, оның 200 шақырымы бірінші жартыжылдықта салынды. Осылайша, жаңа жылыту маусымында тағы 7 тұрғын үй алабы газға қосылуға мүмкіндік алады. Мысалы, өткен жылы 43 мың тұрғын газға қосылды. Газдандыру процесі мемлекет басшысының бақылауында», - деді елорда әкімі.