Қазақстан мен Ресейдің бірыңғай энергетикалық жүйелері қатар жұмыс істейтін болады

Қазақстан мен Ресейдің бірыңғай энергетикалық жүйелері қатар жұмыс істейтін болады
Фото: freepik.com

Мәжіліс Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Қазақстан мен Ресей біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Құжатқа 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласында қол қойылған.

Келісімге сәйкес тараптар жыл сайын Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесі арқылы Ресейден тасымалдауға жоспарланған электр энергиясы көлемін келісуге міндетті болады. Бұл ретте электр энергиясын беру қызметтерінің ақысы Қазақстанның тарифтерді мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органы белгілеген тариф бойынша жүзеге асырылады. Ол Қазақстанның жеке тұтынушылары үшін электр энергиясын тасымалдау тарифінен аспауы қажет.

Келісімді ратификациялау Ресеймен шекарадағы электр энергиясын мемлекетаралық теңгерімінің ауытқуын барынша азайтады.