Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының әсерінен ауа райы жауын-шашынды болады. Күн бұлтты болып, қар, жылбысқы қар және жаңбыр жауады.

30-31 қаңтарда еліміздің шығысында, 31 қаңтар солтүстікте қалың қар жауып, боран соғады. Екпінді жел тұрып, тұман түседі.

30-31 қаңтарда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын жауады, көктайғақ болады. Республиканың батыс облыстарында ғана антициклон сілемі әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы -20-28°C-қа дейін төмендейді, алайда 1 ақпанда күндіз термометр бағаны нөлдік белгіге дейін жақындайды.