00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық полицейлер су жаңа автокөліктер мінді

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық полицейлер су жаңа автокөліктер мінді
ашық дереккөз

Тәртіп сақшыларын кәсіби мерекемен құттықтаған қала әкімі полиция қызметкерлерінің қазіргідей қиын кезеңдегі жанкешті еңбегін ерекше атап өтті. [caption id="attachment_87313" align="alignnone" width="1024"] Фото: Александр Куприенко[/caption] «Құрметті полиция қызметкерлері, сіздер қиын да қауіпті салада қаймықпастан абыройлы қызмет атқарып келесіздер. Жауапкершілікті жіті сезініп, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда мінсіз қызмет үлгісін көрсетіп жүргендеріңізді ерекше бағалаймыз. Әсіресе, індет кезінде шыбын жанды шүберекке түйіп, талай ерлік көрсеттіңіздер. Нұр-Сұлтан қаласы ПД қызметтік автокөліктер паркі Hyundai Elantra және Hyundai Tucson маркалы отандық өндірістің 30 автокөлігімен толықты. Жыл соңына дейін тағы 11 автокөлік тапсырылады. Халықпен жұмыстың сервистік моделін енгізу мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидаты бойынша жүзеге асады. Осы жоба аясында қала аудандары мен тұрғын үй массивтерінде 16 заманауи модульдік полиция бекетін орнатамыз. Бұдан бөлек, Есіл ауданы полиция басқармасының жаңа әкімшілік ғимараты ашылған болатын. Сонымен қатар биыл учаскелік полиция пункттеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мереке қарсаңында ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйақы бері үшін 130 миллионнан астам теңге бөлінді. Алдағы уақытта қызметтеріңіз абыройлы болсын! Отбасыларыңызға амандық, жұмыста табыс тілеймін!» - деді Көлгінов. Аталған көліктердің барлығы тұтастай заманауи құралдармен жабдықталған. Дыбыс күшейткіш қондырғысы мен рациясы бар. Жылдамдықты дәл анықтауға және көлік пен жүргізушіге қатысты мәліметтерді дер кезінде біліп отыруға мүмкіндік береді. Жаңа көліктер тұрғындармен қоян-қолтық жұмыс істейтін жол-патрульдік қызметіне, сондай-ақ полицияның учаскелік инспекторларына берілді. [caption id="attachment_87314" align="alignnone" width="1024"] Фото: Александр Куприенко[/caption] Сонымен қатар салтанатты шара барысында қызметте көзге түскен тәртіп сақшылары алғыс хаттармен марапатталды. «Қандай қылмыс болса да – оқиға болған орынды лентамен қоршап, өзге адамдардың лентамен қоршалған жерге кірмеуін қамтамасыз етеміз. Себебі айғақ заттар мен аяқ іздерін басып кетпеуін қадағалаймыз. Сол жерден айғақ заттармен дәлелдемелер жинаймыз. Бүгін еңбек жолымда бірінші рет әкімнің қолынан алғыс хат алдым. Қазір пәтер жалдап тұрамыз, басыбайлы баспанамның болғанын армандаймын. Дегенмен ол күннің де ауылы алыс емес сияқты» - деді Есіл аудандық полиция басқармасы жедел-криминалистика бөлім бастығының орынбасары Олеся Кузьменко. Қазақстан полициясы күні – бұл қазақстандық полицияны құрған ардагерлер мен оның қатарында еңбек ететін қызметкерлерге алғыс білдіріп, елдің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін бейбіт күнде өз өмірін құрбан еткен полицейлерді еске алатын күн. Індет кезінде халықтың тыныштығын, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен полицей қатары аз емес. Соның бірі – Нұр-Сұлтан қаласы патрульдік полиция полкының қызмет инспекторы, полиция аға лейтинанты Руслан Өтеков. «Осы салада жүргеніме 10 жыл болды. Біздің жұмысымыз – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Елімізде полицейлерге жеткілікті деңгейде көңіл бөлінген. Жалақымыз жылдан жылға өсуде. Бұған дейін осы қызметімнің арқасында баспаналы болдым. Бүгін әкімнің қолынан су жаңа автокөлік кілттерін алдық. Әр мамандықтың өзіне тән қиындығы болады ғой, ал біздің қызмет батылдықты, жауапкершілікті, сабырлықты талап етеді. Халыққа, қиналғанға көмектесу – басты міндетіміз. Күніне сан түрлі оқиғалардың ортасына барамыз, тәртіп сақшысынан бөлек психолог та бола білу керек. Алдағы уақытта осы салада жүріп, халқыма адал қызмет еткім келеді. «Генерал болуды армандамайтын солдат – солдат емес» деген қанатты сөз бар, менің де арманым – осы. Барша полиция қызметкерлерін бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын!», - деді ол.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ