00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық ұландар жоғалған балаларды тауып, ата-аналарына қайтарды

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық ұландар жоғалған балаларды тауып, ата-аналарына қайтарды
ашық дереккөз

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 маусым күні сағат 16.00-де әскери жасақ бастығы, қатардағы Сергей Начаров бастаған, құрамында патрульші, қатардағы Исмаил Ботаев пен Дамир Цыкунов бар ұландықтар «Жетісу» саябағында қызмет атқару кезінде ересектердің қарауынсыз қалған баланы байқаған. Бұл жағдай туралы патрульдік топ бастығы сержант Бауыржан Жұмабековке баяндалған. Біраз уақыттан соң баланың туыстары табылып, 4 жасар ұлы анасына қайтарылған. Белгілі болғандай, анасы балаларын әкесіне қалдырыпты. Әкесі 3 жасар қызына алаңдап отырғанда, ұлы саябақтың ішіне қарай жүгіріп кеткен. Соның кесірінен адасып қалған. Ата-аналары өз бетінше іздегенмен, нәтиже болмаған. Қуанышқа орай, дер кезінде орнынан табылған ұландық әскери жасақ қырағылық танытып, баланы жақындарына тапсырған. Өз кезегінде олар әскери қызметшілерге өз алғысын айтты. Осы күні сағат 16.40-та патрульдік топ бастығы, сержант Бауыржан Жұмабеков өзінің патрульшілері, қатардағы жауынгерлер Шыныбай Тілеген және Абылай Әкімжановпен бірге әскери жасақтарды тексеру кезінде тағы бір баланы көздері шалған. Ол да үлкендердің қарауынсыз, өз бетімен қыдырып жүрген. Араға уақыт салып, баланың әжесі табылған. Анық болғандай, ұлдың анасы, әжесі және бауырлары саябақта серуендеп жүрген. Анасы бір жасар қызын емізуге отырғанда, 4 жасар ұлы жүгіріп кеткен. Баланы 20 минут іздеген әжесі оны ұландық жасақпен бірге көргенде қуанышын жасырмады. Баланың жақындары көрсеткен қырағылығы үшін құқықтық тәртіп әскерінің командирлері мен жауынгерлеріне зор алғысын білдірді.