00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда карантин талабын бұзған мекемелер жазаланды

15 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда карантин талабын бұзған мекемелер жазаланды
ашық дереккөз

Әкімдік мәліметінше, 13 маусымда қаланың 3 ауданында карантин бұзған 4 мекеме анықталды. Мониторинг топтары бұл мекемелерді әкімшілік жауапқа тартты. Атап айтсақ, Сарыарқа ауданы, Қосшығұлұлы көшесі, 21 мекенжайындағы Enjoy компьютер клубы карантин режимін бұза отырып, жұмыс істеген. Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 2 мекенжайындағы Aura Alanya Alanya клубы есігін жауып алғанымен, келушілерді қабылдаған. Сарайшық көшесі, 5 мекенжайындағы Brooklyn бары карантинді бұза отырып, жұмыс істеген. Алматы ауданында карантин режимі Айнакөл көшесі, 20 мекенжайындағы «На дровах» саунасында бұзылған. Жиналған материалдың бәрі тиісті шара қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды. Бас қала «қызыл аймақта» орналасқан, яғни эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары коронавирустың одан әрі таралуын болдырмас үшін санитарлық нормаларды және карантин талаптарын қатаң сақтауы тиіс.