Тоқаев табиғи байлық еліміздің орнықты дамуына негіз бола алмайтынын айтты
Біз азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған шынайы нарықтық экономикаға көшуіміз қажет. Бұл туралы Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте айтты, депхабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондықтан алдымызда күрделі кезең тұр. Біз қиын-қыстау заманда өмір сүріп жатырмыз.
Дәстүрлі экономикалық және логистикалық байланыстар үзіліп жатыр. Оған қоса инфляция шарықтап тұр. Әлем экономикасының даму қарқыны төмендеп кетті. Мемлекеттер қарызға белшеден батты. Сауда-саттыққа кедергі көбейеді. Сондай-ақ елдердің өзара сенімі азайып барады.
Мұның бәрі әлем экономикасындағы қалыпты жағдайға айналды. Бұдан былай табиғи байлық еліміздің орнықты дамуына негіз бола алмайды, - деді Президент.