Сауда министрлігі АҚШ-тың жаңа тарифтеріне қатысты мәлімдеме жасады

8 шілде, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Сауда министрлігі АҚШ-тың жаңа тарифтеріне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: parlam.kz

7 шілдеде АҚШ Президентінен биылғы 1 тамыздан бастап бірқатар елдерге, оның ішінде Қазақстанға қатысты жаңа импорттық баж енгізілетіні туралы ресми хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын өнімдер үшін 25 пайыздық бірыңғай мөлшерлеме белгіленген.

«Алайда қазақстандық экспорттың басым бөлігі – мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал және титан сияқты негізгі шикізат пен стратегиялық тауарлар – жаңа тарифтердің қолданыстан алынуына байланысты жаңа бажсыз жеткізілуін жалғастыра береді. Қабылданған шаралар Қазақстан экспортының шамамен 95 пайызына әсер етпейді деп күтілуде», - делінген Сауда және интеграция министрлігінің мәлімдемесінде.

Сондай-ақ министрлік қазақстандық тауарларға болжамды сауда режимін сақтау мақсатында ҚР Үкіметі АҚШ әкімшілігіне өзара сауда шарттарын жақсарту жөніндегі нақты шаралар мен бастамаларды жолдаған.

Қазіргі уақытта АҚШ тарапы Қазақстан ұсыныстарын қарастыруда және келіссөздерді өткізу күні туралы хабарлайды.