00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада онлайн сатып алуға қатысты 65 өтініш шағым келіп түскен

22 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада онлайн сатып алуға қатысты 65 өтініш шағым келіп түскен
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтынан

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде интернетте онлайн сатып алу кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрғали Егембердиев брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info

Тауарды онлайн сатып алуға қатысты биылғы жылдың 9 айы ішінде республика бойынша 600 өтініш қаралып, 31 млн теңгеден астам соммаға тең бұзылған құқықтар қалпына келтірілген.

Астана қаласының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жоғары стандартын қамтамасыз ету мақсатында электрондық сауда алаңының өкілдерімен ынтымақтастықты жалғастыруда. Бірлесе жұмыс жүргізу тұтынушылардың электрондық сауда желілерінде деген сенімін нығайтып қана қоймайды, сонымен қатар тұтынушылардың құқықтары сатып алудың барлық кезеңдерінде қорғалатын электрондық коммерцияға теңдестірілген көзқарастың маңыздылығын көрсетеді,- деді департамент басшысы Н.Егембердиев. 

Оның айтуынша Астана қаласы бойынша қайтарылған тауар үшін ақшалай қаражатты  тиісінше және тиісінше емес сапада қайтаруға жәрдемдесу туралы 65 өтініш қаралған. Нәтижесінде тұтынушыға жалпы сомасы 1 200 млн теңгеге ақшалай қаражатты қайтаруға көмек көрсетілген.

Департамент басшысы азаматтар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР қолданыстағы заңына сәйкес тұтынушы ақаулы тауарларды қайтаруға, сондай-ақ өз таңдауы бойынша сатып алу бағасын пропорционалды төмендетуді, тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды, тауарды ұқсас маркалы тауарға (модельге, артикулға) ауыстыруды, шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы екенін атап өтті. 

Сондай-ақ, «тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» жаңа заң жобасы шеңберінде тауарларды өткізу мақсатында пайдаланылатын интернет-ресурстарды «сауда объектілеріне» теңестіру ұсынылатынын атап өткім келеді. Тиісінше, офлайн сатушыға қойылатын барлық талаптар онлайн сатушыларға да қолданылады,- деді департамент басшысы. 

Бұдан басқа, электрондық сауда алаңдарының иелерін кәсіпкерлермен тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың талаптарын сақтау жөнінде шарттар жасасуға міндеттеу ұсынылады.