00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Чекті талап ету арқылы бюджетке үлес қосуға болады

31 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Чекті талап ету арқылы бюджетке үлес қосуға болады
фото: Оңалхан Өнерхан

Тұтынушы тауар алғанда фискалды чекті бермеу немесе олардан карталар арқылы төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілерін анықтау үшін «Азаматтық бақылау - чекті талап ет» акциясы өтуде, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Қаржы министрлігінің мәліметінше, Мемлекеттік кірістер комитеті аталған іс-шараны кәсіпкерлердің бақылау-касса машиналарын қолдануын бақылау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында ұйымдастырып отыр. 

«Азаматтық бақылау - чекті талап ет» акциясына кез келген азамат қатыса алады.

Жоғарыда көрсетілген құқықбұзушылық фактілерін App Store немесе Play Market қосымшаларынан «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға болады.

Сонымен қатар, фактіні растау фото немесе бейне тіркеу арқылы жасалады.