Былтыр елдегі құс еті өндірісінің көлемі артқан
21 қаңтар, 2025


Фото: freepik.com
Қазақстанда 2024 жылғы қаңтар мен қараша аралығында құс етінің өндірісі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4% ұлғайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы аралықта отандық кәсіпорындар 326,3 мың тонна өнім өндірген.
Құс етінің экспорты 34,2% артты. 2024 жылдың он бір айында шетелге 38 мың тонна өнім экспортталды, ал 2023 жылғы аталған кезеңде экспорт 28,3 мың тонна болған, - делінген хабарламада.
Импорт болса 10,7% төмендеді. Белгіленген кезеңде елге 121 мың тонна өнім әкелінген.
Қазақстанның ішкі нарығында 2024 жылдың 11 айында 409,3 мың тонна құс еті сатылды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1% көп (405,4 мың тонна).
Ұқсас жаңалықтар

15 сәуір, 2025
Мұнай бағасы құлдырады: елімізде көміртегі бейтараптығына қол жеткізуде қандай жобалар қолға алынуда

14 сәуір, 2025
14 сәуірге арналған валюта бағамы

12 сәуір, 2025
Ұлттық банк бүгінгі валюта бағамын жариялады

11 сәуір, 2025
Көрінбейтін стратегтер: Қазақстан өңірлерін дамытудағы қаржыгерлердің рөлі