00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда кілем өндірісі төмендеді

23 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда кілем өндірісі төмендеді

2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында кілем мен кілем өнімдерінің өндіріс көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1% төмендеген, деп хабарлады Elorda.info.

 

Осы жылдың қаңтар-маусым айларында қазақстандық кәсіпорындар 2,7 млн м2 кілем өнімін шығарса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3,6 млн м2 өнім өндірілген.

Бұл ретте аталған өнімдердің импорты 3,5% қысқарды. Мәселен, жоғарыда аталған кезеңде 7,4 млн м2 астам өнім импортталды. Шетелден әкелінген өнімдердің нарықтағы үлесі 73,3% құрады, - делінген хабарламада.

Осы ретте, бірінші жартыжылдықта экспорт қарқыны 52,4% өскен, шетелге 334,1 мың м2 кілем өнімі жөнелтілді.

Айта кетейік, алты айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта барлығы 9,8 млн м2 кілем мен кілем өнімі сатылған.