Астана мен Шымкентте қалдықтарды кәдеге жарататын зауыттар салынады

Бүгін, 10:25
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
views75
Астана мен Шымкентте қалдықтарды кәдеге жарататын зауыттар салынады
Фото: ҚР Экология министрлігі

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «Shaanxi Construction Engineering Kazakhstan Co., Ltd» ЖШС және «East Hope» ЖШС қалдықтарды энергияға айналдыра отырып, кәдеге жарату зауыттарын салу бойынша Астана және Шымкент қалаларында инвестициялық келісімдерге қол қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметнің хабарлауынша, Астана қаласында тәулігіне 1 500 тонна тұрмыстық қалдықты (жылына шамамен 550 мың тонна) өңдеу қуаттылығына ие зауыт салу жоспарланып отыр. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 94,4 млрд теңге (≈180 млн АҚШ доллары).

Шымкент қаласында тәулігіне 1 000 тонна (жылына шамамен 360 мың тонна) қалдық өңдейтін кәсіпорын салынады. Инвестиция көлемі – 53,9 млрд теңге (≈100 млн АҚШ доллары).

Жобаларды іске асыру барысында 550-ден аса уақытша жұмыс орны, сондай-ақ шамамен 200 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Аталған нысандардың іске қосылуы полигондарға шығарылатын қалдықтардың көлемін айтарлықтай азайтуға және экологиялық таза электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.