00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

АЭС – келешектің ұтымды жобасы

15 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
АЭС – келешектің ұтымды жобасы
Фото: жасанды интеллект

Шыны керек, қоғамда АЭС салу тақырыбы қызу талқылануда. Қоғам белсенділерінің бір тобы «бізде ЖЭС жеткілікті, соларды жаңартып, жаңғыртып, қажетті энергияны алуға болады» дегенді ұсынуда. Рас, ЖЭС-ры тұрақты энергия көзі саналады. Дегемен АЭС-тің де, ЖЭС-тің де артықшылығы мен кемшілігі болады. Біз бұл сұрақтарды ғалымдарға қойып, жауабын алдық, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Академик, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі Бірлесбек Алияров Қазақстанда АЭС пен ЖЭС салуды салыстырып, артықшылығына тоқталды.

– Қазақстанға электр энергиясын өндіретін станция керек пе? Сөзсіз, керек! Ендігі мәселе – бізге станция керек пе, энергия маңызды ма? Осыны анықтап алғанымыз жөн. Міне, осы сұрақтарды қоғам болып жан-жақты талқылап, ортақ шешімге келуіміз керек. Таразыға «арзан станция» деп салсақ, онда көмір жағатын жылу электр орталықтары басады. Егер қалдықсыз өңдеуді таңдасақ, онда уран арқылы іске қосылатын атом орталықтары басым түседі. Дұрысы, АЭС-тің де, ЖЭС-тің де өзіндік артықшылығы мен кемшілігі бар.

ЖЭС-тің бір кемшілігі – ауаға көміршылқыл газдары бөлінеді, бір артықшылығы – нарықтағы сұраныс көлеміне қарай тұтынатын энергия –қуатын өзгертіп тұруға болады. Ал атомдыкі қымбаттау болғанмен, станция автоматтандырылғаннан кейін қоқыс шығармайды. Алайда АЭС-те энергия қуатын тиісті мөлшерде өзгерту қиын. Егер референдум нәтижесінде халық АЭС салуды қолдаса, онда ғалымдар атом станциясын ұтымды қолдану жолдарын жетілдіре түсуге болады, – деп түсіндірді ғалым.

АЭС пен ЖЭС-те электр энергиясын өндіру ерекшелігі қандай? Бұл сұраққа Бірлесбек Алияров: 

– Уран мен көмірден қуат алатын станцияның айырмашылығы ошақтан шығатын жылуында ғана. Бу шыққаннан кейінгі функция екеуінде де бірдей. Тек ошақтың ішінде жылу беретін көзі өзгеше болады, – деп жауап берді.

Шикізат тұрғысынан АЭС-ке керекті уранбіздің елде жеткілікті. Уран қоры бойынша Қазақстан әлемде екінші орында тұр. Жер бетіндегі уранның жалпы қорының 15 пайызы біздің елде. Бізде өндірілетін жоғары жылу шығаратын уран материалын (ТВЭЛ) Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Италия, Түркия, Франция, Германия көптеп сатып алады.

Қазір ЖЭС қолдайтындар халықаралық қауымдастықтың ортақ мәмілеге келгенінен хабарсыз. Бұл туралы Ядролық физика институты Астана филиалы директорының орынбасары, ядролық физика бойынша PhD докторы Дарын Бөргеков айтып берді.

– 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптыққа қол жеткізу доктринасына Қазақстан қосылды. Демек ЖЭС-терді жетілдіргеннен, АЭС-терді дамыту маңызды саналады. Өйткені алдағы 20-30 көлемінде ЖЭС-терді қолдануға мүмкіндік бар. 2060 жылдары доктринаға сай ауаға көміршылқыл газдары мен азотты бөлетін жобалардар бас тартуымыз керек. Сонда біздің ұрпағымыз қандай энергия көзін қолданады. АЭС-ті келешектің перспективалы жобасы ретінде қарастыруымыз керек. Осы тұрғыдан алғанда, АЭС – келешектің ұтымды жобасы ретінде бағалау керек, – деді PhD докторы.

Ғалымдардың сөзінен, бізге АЭС салып, тәжірибе жинап, үйреніп, келешекте басқа жерлерден салу керектілігін түсіндік. Қазір елдің оңтүстік өңірлерінде халық саны көбейіп, электр энергиясын тұтыну көлемі артуда. Үкімет осыны ескеріп, 2035 жылға дейінгі генерациясын екі есеге ұлғайтуды жоспарлады. АЭС – қоршаған ортаға зиянсыз технология. Ал оңтүстікте көмір тапшы. Онда атом энергетикасы тиімді. 

Экономика бір орында тұрмайтын тағы анық.Жыл өткен сайын, ірі өндіріс орындарынан бөлек, шағын және орта бизнес субъектісінің саны артып, энергияға сұраныс артады. Ал экономиканы ілгерілету үшін Қазақстанға тұрақты энергия көздері қажет. Сондықтан электр энергиясын өндіретін станцияларды салуды кешіктіре беруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, келешектің қамы үшін дұрыс таңдау жасау өз қолымызда.

 

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ