00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ақшаның жарамдылық мерзімі бола ма

Ақшаның жарамдылық мерзімі бола ма

Желіде ақша жарамдылық мерзімімен шығарылатындықтан оны жинау мүмкін болмайтыны туралы жазылды. Қытайда «жарамсыз болатын күні» бар юань шығарылған екен, ендігі кезек барлық басқа елдерде. Stopfake.kz бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Elorda.info.

Біріншіден, елдер ақшаны жарамдылық мерзімімен басып шығара бастайды деп ешкім мәлімдеме жасаған жоқ. Бұл мағынасыз. Банкноттар тозған кезде ауыстырылады, бірақ олардың жарамдылық мерзімі көрсетілмейді.
Екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарында юаньның жарамдылық мерзімі туралы тақырыптар болды. Мақалаларда банкноттар туралы емес. Ресми дереккөзде цифрлық юань үшін жарамдылық мерзімі белгіленетіні туралы айтылмайды. Бұл туралы Азия даму банкінің  сайтында да, сондай-ақ Қытай  үкіметі мен Халық банкінің сайттарында да жазылмаған.
Яғни, ақшаның жарамдылық мерзімі болатындығы туралы хабарлама расталмайды. Ол бұқаралық ақпарат құралдарындағы қате хабарламаларға негізделген және ресми дереккөздермен расталмайды.