00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлттық банк коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады

Ұлттық банк коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады

Коллекциялық монеталар 28 наурыздан бастап интернет-дүкен арқылы сатылымға шығарылады, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» сериясынан Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монетасы. Сынамасы 925/1000 күміс монетасы түрлі түсті баспа технологиясы қолдана отырып дайындалған. Массасы 31,1 грамм, мөлшері 30х45 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 5 000 дана, - деп жазылған ҰБ хабарламасында.

«Спорт» монеталар сериясымен шыққан FIFA WORLD CUP QATAR 2022 коллекциялық монеталарында алтын жалату технологиясы қолданылған. 925/1000 сынамасы бар күміс монеталардың массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 100 теңгелік, Қазақстанның ішкі нарығына арналған саны – 3 650 дана.

«Ғарыш» монеталар сериясымен шыққан SALIÝT-1 коллекциялық монеталары нейзильбер қоспасынан (МН 15-20) тұрады. Массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 100 000 дана.