Қазақстан қор биржасы 23 компанияның бағалы қағазымен толықты
KASE тізіміне былтыр жаңа 23 компанияның бағалы қағаздары енгізілді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы листинг департаментінің директоры Жұлдыз Мажирина мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгінде Қазақстан қор биржасында 1 300-ден астам қаржы құралдары сатылымда. Өткен жылы 23 жаңа компания бізде листингтен өтті, яғни аталған компаниялардың бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының тізіміне енгізілді. Былтыр қор биржасына орналастырылған жалпы қаржы көлемі 5 трлн теңгеден асты немесе 48% артты, - деді Қазақстан қор биржасы листинг департаментінің директоры Жұлдыз Мажирина елордада өткен KASE DAY шарасы барысында.
Оның айтуынша, бүгінде қор биржасына 230-дан астам листинг компанияның бағалы қағаздары орналастырылған.
Былтырдан бастап «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы IPO-ға шыға бастады. Жалпы ұсынылған акциялардың 85%-ы Қазақстан қор биржасында орналастырылды, - дейді ол.