00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанның сыртқы қарызы белгілі болды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанның сыртқы қарызы белгілі болды

ЕАЭО елдерінің сыртқы қарызы едәуір қысқарған, деп хабарлады Elorda.info Еуразиялық экономикалық комиссияға сілтеме жасап.

Ұйым дерегіне сүйенсек, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Одақтың сыртқы борышы өткен жылмен салыстырғанда 8,6%-ға немесе 61,7 млрд долларға төмендеген.

Атап айтқанда, бұл көрсеткіш Қазақстанда – 160,9 млрд (-3,2%), Беларусьте – 41,5 млрд (-1,9%) және Ресейде – 434,1 млрд долларға (-11,4%) дейін төмендеді.

Ал Арменияда – $13,9 млрд-қа дейін (+0,4%), Қырғызстанда – 99,2 млрд-қа дейін (+4%) өсті.

Одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы борыш құрылымында Беларусьте басқа секторлар бойынша, Қазақстанда – фирмааралық кредиттеу (тікелей инвестициялар) бойынша, Ресейде – басқа секторлар және фирмааралық кредиттеу бойынша қарыздың азаюы байқалды. Армения мен Қырғызстанда қарыздың ең көп өсуі банк секторында байқалды, – делінген ЕЭК хабарламасында.