Биыл курьерлер қанша сомаға қызмет көрсетті
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы курьерлердің жыл басынан қанша теңгеге қызмет көрсеткенін жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Елімізде 2022 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында 51,7 млрд теңгеге пошта және курьерлік қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5%-ға аз.
Ауылды жерлерде осы жылдың 11 айында қызмет көрсету көлемі 2,6 млрд теңгеге жетті.
Курьерлік қызметтердің ең үлкен көлемі Алматы қаласында байқалды, ол 29,8 млрд теңгеге жеткен. Одан кейінгі тізімде Астана қаласы (5,6 млрд теңге) мен Қарағанды облысы (2 млрд теңге). Ең аз қызмет көрсету Ұлытау облысына тиесілі – 92,5 млн теңге.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
22 қараша, 2024
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді