Қазақстан зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегін төмендетуі мүмкін
31 наурыз, 2023
Сабина Кәкімжан
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегін төмендету мүмкіндігін қарастырады, деп хабарлады Elorda.info.
Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Қазір бұл мәселе бойынша Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесіп, жұмыс істеп жатыр. Сондықтан бұл мәселені сол жұмыс тобында қарастыратын шығармыз, - деді Тамара Дүйсенова.
Еңбек министрлігінің басшысы жеткіліктіліктің ең төменгі шектерінің артуы ең төменгі жалақының 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтерілуімен байланысты екенін еске салды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:01
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
Бүгін, 16:13
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді