00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан табиғи газды тұтынудан үздік 50 елдің қатарына кіреді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан табиғи газды тұтынудан үздік 50 елдің қатарына кіреді

Қазақстан табиғи газды жалпы пайдаланудан және жан басына тұтынудан үздік 50 елдің қатарына кіреді, деп хабарлады Elorda.info.

Ranking сарапшыларының зерттеуінше, жыл басында ҚР-дағы көшелердегі газ желісінің ұзындығы 34,8 мың шақырымды құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 6,6% артық. Жыл ішінде 2,3 мың шақырым желі қосылып, 13,9 шақырымы істен шығып қалды. 74,1 шақырым желі жөндеуді қажет етеді, 2021 жылы 103 шақырымы жөнделді.

2010-2021 жылдар аралығында мемлекеттік бюджет есебінен 1,3 мыңнан астам газдандыру жобасы жүзеге асырылды, өңірлерде 18 мың шақырымнан астам газ тарату желілері салынды. Атап айтқанда, 2019 жылдың желтоқсан айында Қызылорда – Астана бағыты бойынша ұзындығы 1,06 мың шақырым «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы аяқталып, бірінші кезегі бітіп, пайдалануға берілді.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, ел тұрғындарын газдандыру деңгейі 53,1%-ға жетіп, 9,8 млн адам көгілдір отынға қосылды. Газдандыру деңгейінің өсуін және жаңа тұтынушылардың қосылуын ескере отырып, 2010-2021 жылдары ішкі нарықта газды тұтыну көлемі 106%, яғни 9 млрд-тан 18,6 млрд куб метрге дейін өсті.

undefined

Index Mundi аналитикалық деректеріне сәйкес, 2020 жылы қарастырылған 213 елдің ішінде тек 144 ел табиғи газды пайдаланған. Оның ішінде Қазақстан тұтынылған газдың жалпы көлемі бойынша (жылына 15,4 млрд куб метр) 43-орында және жан басына шаққандағы тұтынылатын газ көлемі бойынша (жылына 805,1 куб метр) 41-орында болды. Қазақстанда жан басына шаққандағы тұтыну көлемі Армения, Молдова, Украина*, Қырғызстан және Тәжікстан сияқты ТМД елдерінің көрсеткішінен жоғары.

Сондай-ақ, Қазақстандағы газ бағасы мен сектордағы тарифтер мен жалақының ара қатынасы Еуропаның елдорі ішіндегі ең қолайлы екенін еске сала кетейік.

ҚР-да қолданыстағы тарату желілеріне барынша көп халықты қосу өте өзекті мәселе. Қазақстанның көрсеткіштері айтарлықтай оптимистік, бірақ әлі де жақсартуға болады.

* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.

undefined