00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекеттік қолдау шараларына бөлінген ақшаның әр тиыны бақылауда болады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекеттік қолдау шараларына бөлінген ақшаның әр тиыны бақылауда болады

Бұл туралы Қаржы министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Еркін Беркешев айтты.

2020 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қаржы министрлігі мемлекеттік қолдау шараларына бөлінген қаражатқа мониторинг жүргізу жүйесін іске қосты. Тиісті әдістеме әзірленді. Бұл ретте бағалау 3 көрсеткіш бойынша жүргізілді. Бұл - бюджеттік, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық тиімділік көрсеткіштері, - деді директор.

Қазірдің өзінде 2015-2021 жылдар аралығындағы кезеңде көрсетілген 80 мемлекеттік қолдау шарасы бойынша мәліметтер бар. 

Сонымен  қатар осы мәліметтерді автоматты түрде  алу мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын атқаратын 7 оператордың ақпараттық  жүйесімен интеграциялау жұмыстары іске асырылды. Қазіргі уақытта жүйе жұмысының нәтижелерін бюджетті жоспарлау кезінде қолдану бойынша тәсілдер әзірленуде, - деді Е.Беркешев.