00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еліміз 2025 жылға қарай құс етін импорттауды тоқтатады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Еліміз 2025 жылға қарай құс етін импорттауды тоқтатады

2021 жылы құс еті бойынша импорт үлесі 168,5 мың тоннаны, жергілікті өндіріс 282,3 мың тоннаны құрады. Осылайша, жалпы өндіріс қуаты жылына 223,1 мың тоннаны құрайтын 23 құс фабрикасын салу және жаңғырту есебінен 2025 жылға қарай толық импортты алмастыру жоспарланып отыр, – деді Ербол Қарашөкеев.

Сонымен қатар ол 2025 жылдың соңына дейін 24 ет комбинаты пайдалануға берілетіндігін айтты.

2025 жылдың соңына дейін 24 ет комбинатын іске қосу, 8,2 мың гектар алаңда бақтар салу бойынша 22 жоба, 20 сүт өңдеу зауытын іске қосу, 23 құс фабрикасын салу және кеңейту, жаңғыртуға қатысты 2 жоба және 1 қант зауытын салу жоспарлануда, – деді министр.