00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Отандық қант өндірісіне қатысты мәселе қалай шешіледі

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Отандық қант өндірісіне қатысты мәселе қалай шешіледі

Қанттың жылдық тұтынуы шамамен 532 мың тонна, оның 7 пайызы отандық шикізаттан. Бұған шағын өндіріс, суаруға қажетті судың тапшылығы және қант қызылшасын өсірудегі қол еңбегі, қант зауыттарының құнсыздануы, ресейлік өндірушілердің бағаға қатысты демпингі себеп болып отыр, – деді Қарашөкеев үкімет отырысында.

Ол сумен қамтамасыз ету, егіс алқаптарын 14,5 мың гектардан 38 мың гектарға дейін кеңейту, техникалық жарақтандыру, сондай-ақ саланы инфрақұрылымдық дамыта отырып, қант зауытын жаңғырту және салу жөніндегі жобаларды іске қосу есебінен жалпы өнім жинауды 332 мыңнан 1,8 миллион тоннаға дейін ұлғайту күтіліп отырғанын айтты.

Қант өндірісін 7 есеге 254 мың тоннаға дейін ұлғайту, қант импортын 32 пайызға төмендету күтіледі, бұл ішкі нарықтың отандық өндірістегі қантпен қамтамасыз етілуін 7-ден 43 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді, – деді министр.

Оның айтуынша, мұндай нәтижелерге қолжеткізу үшін 5-6 жылға субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер беру арқылы мемлекеттік қолдау қажет.