Қазақстан баспана қолжетімділігі бойынша 44-орында тұр
Тізімде Біріккен Араб Әмірлігі, Оңтүстік Африка Республикасы және АҚШ көш бастады. Аталған елдерде пәтер бағасы әр отбасының төрт жылдық табысына тең.
ТМД елдері ішінде Қазақстанға қарағанда келесі елдерде көрсеткіш жоғары:
- Молдова – 42-орын;
- Украина – 50-орын;
- Грузия – 58-орын.
Ал Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан және Армения елдерінің көрсеткіші айтарлықтай нашар – 79-орыннан басталып 91-орынға дейін барады.
Алғашқы ондыққа кіретін елдерде халықтың табысы жоғары және тұрғын үй бағасы арзан. Ал халық табысы нашар мемлекеттер рейтингтің төменгі сатысында. Рейтинг соңына Гана мемлекеті орналасты – мұнда бір үйдің құнын шығару үшін отбасының 88 жылдық табысы қажет болады.
Десе де Қазақстанда тұрғын үй қолжетімділігі мәселесі шешіліп келеді. Осы жылдың басында баспанамен қамтамасыз ету көрсеткіші адам басына шаққанда 23,2 шаршы метрді құрады. Өткен жылы 22,6 шаршы метр болған еді. Бес жыл бұрын – 21,4 шаршы метр, он жыл бұрын 18,7 шаршы метр болды.
Қалаларда адам басына шаққанда – 25,5 шаршы метр. Өткен жылы 25 шаршы метр болған еді. Ал ауылдық жерде – 19,8 шаршы метр, өткен жылы 19,3 шаршы метр болған.
Салыстырмалы түрде Еуропада адам басына шаққанда баспана аумағы 40 шаршы метрді, Норвегия, Дания және Швейцария сияқты елдерде 50 шаршы метрді құрайды.