00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дүкендер қантты негізсіз қымбаттатса, қайда хабарлау қажет

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Дүкендер қантты негізсіз қымбаттатса, қайда хабарлау қажет

Сауда нүктелерінде бағаны көтеру фактілері анықталса, мынадай кері байланыс арналарына хабарласқан жөн: жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер), ҚР Сауда және интеграциялар министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің "e-Tutynushy" сайты, ҚР СИМ Сауда комитеті және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, - деді Ержан Қазанбаев.

Сондай-ақ комитет төрағасы Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 0,6%-ға қымбаттағанын айтты. 

Өңірлерде бір апта ішінде бағаның ең жоғары өсуі Маңғыстау облысында, Қостанай және Қызылорда облыстарында тіркелген.